Үкіметтің бюджет жөніндегі шешімдері: қандай салықтар алу, қандай қызметтер көрсету, сондай-ақ қанша қарыз алу, адамдардың теңдігі мен әл-ауқатына, соның ішінде неғұрлым осал адамдардың өмірін жақсартуға нақты мүмкіндіктерді қоса алғанда, әсер етеді. Үкіметтер қоғамды осы өмірлік маңызды шешімдерді қабылдауға хабардар етіп, қатыстырғаны өте маңызды.
Бюджет ашықтығына шолу (БАШ). Қоғамның орталық үкіметтің бюджеттік ақпаратына қол жеткізуін бағалау үшін халықаралыққабылданған өлшемдерді пайдаланатын әлемдегі жалғыз тәуелсіз, салыстырмалы және фактілерге негізделген зерттеу құралы болып табылады; Ұлттық бюджет процесіне қоғамның қатысуы үшін заңнамада жазылған мүмкіндіктер, сондай-ақ бюджет процесіндегі Парламент және жоғары бақылау органы сияқты бюджеттік қадағалау органдарының рөлі.
Зерттеу жергілікті азаматтық қоғамға мемлекеттік қаржы бойынша есеп беріп, қайда пайдаланатынын мемлекеттік органдармен бағалауға және талқылауға көмектеседі. Осы 7-ші бюджет ашықтығына шолу 117 елді қамтиды.
БАШ-дың бұл бөлігі орталық үкіметтің мемлекеттік ресурстарды жинау және жұмсау туралы ақпаратқа қоғамның қол жеткізуін бағалайды. Онда 109-ға тең мәнді көрсеткіштерді және әрбір елдің 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша бағасын пайдалана отырып, негізгі сегіз бюджеттік құжаттардың болуына, уақтылығы мен толықтығына баға беріледі. Ашықтық көрсеткіші 61 және одан жоғары елдің бюджет бойынша қоғамдық пікірталастарды мазмұнды қамтамасыз ету үшін, жеткілікті материалдарды жариялайтынын көрсетеді.
Қазақстан үшін ашықтық көрсеткіші 58 (100-ден).
Басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанның бюджет ашықтығы
Қазақстан бюджет ашықтығының динамикасы
Қазақстандағы негізгі бюджеттік құжаттардың қолжетімділігі
| Құжат | 2010 | 2012 | 2015 | 2017 | 2019 |
|---|---|---|---|---|---|
| Алдын ала бюджеттік өтініш | |||||
| Бюджет жобасы | |||||
| Қабылданған бюджет | |||||
| Азаматтық бюджет | |||||
| Ағымдағы есептер | |||||
| Жарты жылдық шолу | |||||
| Жылдық есеп | |||||
| Аудиторлық есеп |
Қазақстан қоғамға ұсынатын негізгі бюджеттік құжаттардың мазмұны қаншалықты толық болып табылады?
| Негізгі бюджеттік құжаттар | Құжаттың мақсаты мен мазмұны | Бағаланатын қаржылық жылы | Құжаттың мазмұнын бағалау |
|---|---|---|---|
| Алдын ала бюджеттік өтініш | Атқарушы биліктің бюджеттік ұсынысын бергенге дейін, елдің салыққаржы саясатының негізгі көрсеткіштерін жариялайды; Үкіметтің экономикалық болжамын, күтілетін табыстар, шығыстар мен берешек жөніндегі мәліметтерді қысқаша баяндайды. | 2019 | 89 |
| Бюджет жобасы | Атқарушы билік заң шығарушыларына бекітуге ұсынылатын; онда табыс көздері, министрліктерге қаржы бөлу, саясаттың ұсынылып отырған өзгерістері және елдегі салық-қаржы жағдайын түсіну үшін, маңызды басқа да ақпарат егжей-тегжейлі баяндалады. | 2019 | 36 |
| Қабылданған бюджет | Парламентпен бекітілген бюджет. | 2019 | 89 |
| Азаматтық бюджет | Атқарушы биліктің мемлекеттік бюджет ұсынысының немесе қабылданған бюджеттің техникалық бөлшектерсіз, халықты негізгі ақпаратпен таныстыру үшін арнайы жасалған нұсқасы. | 2019 | 42 |
| Ағымдағы есептер | Әр түрлі уақыт аралығында жинақталған нақты түсімдер, нақты шығыстар мен берешек туралы ақпаратты қамтиды; тоқсан сайын немесе ай сайын шығарылады. | 2017 & 2018 | 89 |
| Жарты жылдық шолу | Қаржылық жылдың ортасындағы жағдай бойынша бюджеттің атқарылуы жөніндегі кешенді жаңартуды қамтиды; экономикалық болжамдарға шолу жасауды және бюджеттің атқарылуы нәтижелерінің жаңартылған болжамын қамтиды. | 2018 | 78 |
| Жылдық есеп | Қаржылық жылдың соңында үкіметтік есептердің жағдайын көрсетеді және мүмкіндігінше, бюджет саясатының мақсаттарына қол жеткізу кезінде алынған нәтижелерді бағалауды қамтиды. | 2017 | 83 |
| Аудиторлық есеп | Жоғарғы бақылау органымен беріледі. Бұл құжатта жыл соңындағы үкімет есептілігінің негізділігі мен толықтығы қарастырылады. | 2017 | 67 |
Ашықтық көрсеткіші 2019 жылғы Қазақстанның бюджет ашықтығын бағалау 2017 жылғы бағалауға қарағанда біршама жоғары.
2019 жылы не өзгерді?
Қазақстан келесі себептердің арқасында бюджеттік ақпаратқа қол жеткізу деңгейін арттырды:
Ұсынымдар
Қазақстан бюджет ашықтығын жақсартуға бағытталған, келесі ісәрекеттерге бірінші кезекте назар аударуы тиіс:
Басқаруды жетілдіру үшін бір ғана ашықтық жеткіліксіз болды. Бюджетті қалыптастыруға қоғамның қатысуы бюджеттің үлкен ашықтығына байланысты оң нәтижелерге қол жеткізудің негізі болып табылады.
БАШ, сондай-ақ бюджет процесінің әр түрлі кезеңдеріне толыққанды қатысу үшін қоғамға ұсынылатын ресми мүмкіндіктерді бағалайды. Онда әрбір ел 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша бағаланатын қаржылық ашықтықтың жаһандық бастамасының Қаржы саясатына қоғамның қатысу қағидаттарымен
келісілген 18 тең баға көрсеткіштерінің көмегімен, орталық үкіметтің және жоғары бақылау органының (Есеп Комитетінің) атқарушы, заңнамалық органдарының практикалары талданады.
Қазақстан 17 балға тән (100-ден).
Қазақстандағы қоғамның қатысуын өзге елдермен салыстыру
Бүкіл әлем бойынша қоғамның қатысуының озық тәжірибесі туралы қосымша ақпаратты осы жерден қараңыз:
Қоғамның бюджеттік процеске қатысуы үшін мүмкіндіктер көлемі
(атқарушы билік)
(заң шығарушы орган)
(атқарушы билік)
әлсіз: 0 - 40; шектеулі: 41 - 60; жеткілікті: 61 - 100
Ұсынымдар
Қазақстанның Қаржы министрлігі бюджетті орындау кезінде қоғаммен кеңесу үшін Қоғамдық кеңес құрды, бірақ қоғамның бюджет процесіне қатысуын, одан әрі кеңейту үшін, келесі шараларға бірінші кезекте назар аударуы тиіс:
Қазақстан Парламенті келесі шараларға бірінші кезекте назар аударуы тиіс:
Қазақстан бюджетінің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті қоғамға, оның аудит бағдарламасын әзірлеуге көмектесу үшін тетіктер жасады. Қоғамның бюджеттік процеске қатысуын кеңейту үшін ол келесі іс-әрекеттерге бірінші кезекте назар аударуы тиіс:
БАШ-да, сондай-ақ бюджет процесіндегі заңнамалық және жоғары бақылау органдарының рөлі, сондай-ақ олардың тиімді қадағалауды қаншалықты қамтамасыз етуге қабілетті екені қарастырылады; әрбір ел тең 18 көрсеткіштердің негізінде, 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша бағаланады. Сонымен қатар, зерттеу аясында Тәуелсіз фискалдық институттар туралы қосымша ақпарат жиналады (кірістіруді қараңыз).
Қазақстандағы заңнамалық және жоғары бақылау органы, бюджет процесі барысында тиісті бақылауды жүзеге асырады, бұл ретте қадағалаудың жиынтық көрсеткіші 67 (100-ден) құрайды. Олар бойынша жекелеген бағалар төменде келтірілген:
Парламент:
Жоғары бақылау органы:
әлсіз: 0 - 40; шектеулі: 41 - 60; жеткілікті: 61 - 100
Ұсынымдар
Қазақстан Парламентінің жоспарлау кезеңінде және оны орындау барысында бюджетті бақылау үшін жеткілікті өкілеттігі бар. Қадағалауды одан әрі жақсарту үшін, ол мынадай шараларға бірінші кезекте назар аударуы тиіс:
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті тарапынан тәуелсіздікті нығайту және аудитті қадағалауды жақсарту үшін, Қазақстанға келесі шараларды қабылдау ұсынылады:
Тәуелсіз фискалдық мекемелерді құрудың қалыптасқан практикасы
Қазақстан тәуелсіз фискалдық мекемесі жоқ (ТФМ). ТФМ бюджеттік процесс барысында атқарушы билік және/немесе Парламент үшін бағалы, тәуелсіз және бейтарап ақпарат көзі ретінде жиі танылады.
*Бұл көрсеткіштер бюджет ашықтығы шолуында *бағаланбады*
Әдістеме
- 2019 жылғы БАШ-да тек 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін орын алған құжаттар, іс-шаралар немесе оқиғалар бағаланды.
- Зерттеу әрбір елде бюджет бойынша тәуелсіз сарапшы толтыратын сауалнамаға негізделген:
Жанар Джандосова мен Фатима Джандосова
«Sange» Зерттеу орталығы
Қазақстан, Алматы қаласы, Мамыр-1 ықшам ауданы, 27, 19-офис.
[email protected] және [email protected]
- Зерттеудің сапасы мен шынайылығын арттыру мақсатында әрбір елдің сауалнама жобасын жасырын тәуелсіз сарапшы, ал Қазақстанда Қаржы министрлігінің өкілі қарайды.
Басқа жылдар
Қазақстан бюджетінің ашықтығына шолу нәтижелерін көрсету: