Country Results  | Бұл бетті қарау: Қазақша:

Қазақстан

Which countries lead in budget accountability? Which ones need improvement? Explore our data and recommendations for each of the 120 countries assessed.
Open Budget Survey Results

Қоғамдық қатысу

9

Бюджетті қадағалау

61

Ашықтық

63

Бюджет ашықтығына шолу 2021

Үкіметтің бюджет жөніндегі шешімдері: қандай салықтар алу, қандай қызметтер көрсету, сондай-ақ қанша қарыз алу, адамдардың теңдігі мен әл-ауқатына, соның ішінде неғұрлым осал адамдардың өмірін жақсартуға нақты мүмкіндіктерді қоса алғанда, әсер етеді. Үкіметтер қоғамды осы өмірлік маңызды шешімдерді қабылдауға хабардар етіп, қатыстырғаны өте маңызды.

Read more

 

Бюджет ашықтығына шолу (БАШ). Қоғамның орталық үкіметтің бюджеттік ақпаратына қол жеткізуін бағалау үшін халықаралық-қабылданған өлшемдерді пайдаланатын әлемдегі жалғыз тәуелсіз, салыстырмалы және фактілерге негізделген зерттеу құралы болып табылады; Ұлттық бюджет процесіне қоғамның қатысуы үшін заңнамада жазылған мүмкіндіктер, сондай-ақ бюджет процесіндегі Парламент және жоғары бақылау органы сияқты бюджеттік қадағалау органдарының рөлі.

Зерттеу жергілікті азаматтық қоғамға мемлекеттік қаржы бойынша есеп беріп, қайда пайдаланатынын мемлекеттік органдармен бағалауға және талқылауға көмектеседі. Осы 8-ші бюджет ашықтығына шолу 120 елді қамтиды.

Summary
Country Specific Assessments
Ел туралы түйіндеме KK
pdf, 485.77 KB
63 /100

БАШ-дың бұл бөлігі орталық үкіметтің мемлекеттік ресурстарды жинау және жұмсау туралы ақпаратқа қоғамның қол жеткізуін бағалайды. Онда 109-ға тең мәнді көрсеткіштерді және әрбір елдің 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша бағасын пайдалана отырып, негізгі сегіз бюджеттік құжаттардың болуына, уақтылығы мен толықтығына баға беріледі. Ашықтық көрсеткіші 61 және одан жоғары елдің бюджет бойынша қоғамдық пікірталастарды мазмұнды қамтамасыз ету үшін, жеткілікті материалдарды жариялайтынын көрсетеді.

Басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанның бюджет ашықтығы

Бүкіл әлем бойынша орташа көрсеткіш
45
Грузия
87
Ресей
73
Қазақстан
63
Қырғызстан Республикасы
62
Моңғолия
60
Әзірбайжан
57
Түркия
55
Тәжікстан
16
0
Жеткіліксіз
61
Жеткілікті
100

Рейтинг Қазақстан: 120 елдің ішінде 28--ші

0
100

Қазақстан: Ашықтық көрсеткіш уақыт өте келе қаншалықты өзгерді?

38
2010
48
2012
51
2015
53
2017
58
2019
63
2021
0
Жеткіліксіз
61
Жеткілікті
100

Қазақстандағы негізгі бюджеттік құжаттардың қолжетімділігі

Key
Қоғамдық үшін қолжетімді
Кешігумен жарияланған немесе Интернетте жарияланбаған, немесе тек ішкі пайдалану үшін жасалған
Әзірленбеген
Scroll
Құжат 2010 2012 2015 2017 2019 2021
Алдын ала бюджеттік өтініш
Бюджет жобасы
Қабылданған бюджет
Азаматтық бюджет
Ағымдағы есептер
Жарты жылдық шолу
Жылдық есеп
Аудиторлық есеп

Қазақстан қоғамға ұсынатын негізгі бюджеттік құжаттардың мазмұны қаншалықты толық болып табылады?

Key
61-100 / 100
41-60 / 100
1-40 / 100
Scroll
Негізгі бюджеттік құжаттар Құжаттың мақсаты мен мазмұны Бағаланатын қаржылық жылы Құжаттың мазмұнын бағалау
Алдын ала бюджеттік өтініш Атқарушы биліктің бюджеттік ұсынысын бергенге дейін, елдің салық-қаржы саясатының негізгі көрсеткіштерін жариялайды; Үкіметтің экономикалық болжамын, күтілетін табыстар, шығыстар мен берешек жөніндегі мәліметтерді қысқаша баяндайды. 2021 89
Бюджет жобасы Атқарушы билік заң шығарушыларына бекітуге ұсынылатын; онда табыс көздері, министрліктерге қаржы бөлу, саясаттың ұсынылып отырған өзгерістері және елдегі салық-қаржы жағдайын түсіну үшін, маңызды басқа да ақпарат егжей-тегжейлі баяндалады. 2021 47
Қабылданған бюджет. Парламентпен бекітілген бюджет. 2021 89
Азаматтық бюджет. Атқарушы биліктің мемлекеттік бюджет ұсынысының немесе қабылданған бюджеттің техникалық бөлшектерсіз, халықты негізгі ақпаратпен таныстыру үшін арнайы жасалған нұсқасы. 2021 Өндірілмеді
Ағымдағы есептер Әр түрлі уақыт аралығында жинақталған нақты түсімдер, нақты шығыстар мен берешек туралы ақпаратты қамтиды; тоқсан сайын немесе ай сайын шығарылады. 2019 & 2020 89
Жарты жылдық шолу. Қаржылық жылдың ортасындағы жағдай бойынша бюджеттің атқарылуы жөніндегі кешенді жаңартуды қамтиды; экономикалық болжамдарға шолу жасауды және бюджеттің атқарылуы нәтижелерінің жаңартылған болжамын қамтиды. 2020 85
Жылдық есеп Қаржылық жылдың соңында үкіметтік есептердің жағдайын көрсетеді және мүмкіндігінше, бюджет саясатының мақсаттарына қол жеткізу кезінде алынған нәтижелерді бағалауды қамтиды. 2019 83
Аудиторлық есеп Жоғарғы бақылау органымен беріледі. Бұл құжатта жыл соңындағы үкімет есептілігінің негізділігі мен толықтығы қарастырылады. 2019 67

Қазақстанның 2021 жылға арналған бюджет ашықтығын бағалау 2019 жылғы бағалаумен бірдей дерлік.

2021 жылы не өзгерді?

Қазақстан келесі себептердің арқасында бюджеттік ақпаратқа қол жеткізу деңгейін арттырды:

Атқарушы биліктің бюджеттік ұсынысындағы ақпаратты кеңейту.
Алайда, Қазақстан бюджеттік ақпараттың қолжетімділігін төмендетті, атап айтқанда:
Азаматтық бюджет жасалмады

Ұсынымдар

Қазақстан бюджеттің ашықтығын жақсартуға бағытталған мынадай іс-әрекеттерге бірінші кезекте назар аударуға тиіс:

Бюджет жобасына өткен жылдардағы қаржылық және қаржылық емес ақпараттың көбірек болуын және мемлекеттік саясаттың кірістер мен шығыстарға әсерін бағалауды енгізу.
Азаматтық бюджетті, атап айтқанда, бюджет жобасының, бекітілген Бюджеттің және жылдық есептің нұсқаларын уақтылы әзірлеу және жариялау.
9 /100

БАШ, сондай-ақ бюджет процесінің әр түрлі кезеңдеріне толыққанды қатысу үшін қоғамға ұсынылатын ресми мүмкіндіктерді бағалайды. Онда әрбір ел 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша бағаланатын қаржылық ашықтықтың жаһандық бастамасының Қаржы саясатына қоғамның қатысу қағидаттарымен  келісілген 18-тең баға көрсеткіштерінің көмегімен, орталық үкіметтің және жоғары бақылау органының (ЖБО) атқарушы, заңнамалық органдарының практикалары талданады.

Қазақстан 9 балға тән (100-ден).

Қазақстандағы қоғамның қатысуын өзге елдермен салыстыру

Бүкіл әлем бойынша орташа көрсеткіш
14
Грузия
44
Ресей
28
Қырғызстан Республикасы
26
Моңғолия
13
Қазақстан
9
Әзірбайжан
9
Тәжікстан
0
Түркия
0
0
Жеткіліксіз
61
Жеткілікті
100

Бүкіл әлем бойынша қоғамның қатысуының озық тәжірибесі туралы қосымша ақпаратты осы жерден  қараңыз.

Қоғамның бюджеттік процеске қатысуы үшін мүмкіндіктер көлемі

0
/100
Әзірлеу
(атқарушы билік)
22
/100
Бекіту
(заң шығарушы орган)
17
/100
Орындау
(атқарушы билік)
0
/100
Орындауды бағалау
(аудиттің жоғары органы)
Key
0-40: Few
41-60: Limited
61-100: Adequate

Ұсынымдар

Қазақстанның Қаржы министрлігі бюджетті орындау кезінде қоғаммен кеңесу үшін Қоғамдық кеңес құрды, бірақ қоғамның бюджет процесіне қатысуын, одан әрі кеңейту үшін, келесі шараларға бірінші кезекте назар аударуы тиіс:

Бюджетті құру процесіне қоғамды тартудың эксперименттік тетіктері.
Қоғамның бюджеттік ақпаратқа қажеттілігін анықтау тетігін құру.
Кез келген азаматтық қоғам ұйымын немесе қатысуға ниет білдірген қоғамды тарту үшін бюджетті атқару кезінде тетіктерді кеңейту.
Халықтың әлеуметтік осал топтарымен және аз ұсынылған топтармен тікелей немесе олардың ұйымдары арқылы белсенді өзара қарым-қатынас жасау.

Қазақстан Парламенті жылдық бюджетті бекіту үшін Жұмыс тобын құрды, бірақ сонымен бірге келесі шараларға бірінші кезекте назар аударуы тиіс:

Бюджет жобасы бойынша тыңдау барысында бекітілгенге дейін қоғамдық немесе азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдеріне сөз сөйлеуге нақты мүмкіндік беру.
Аудиторлық есептерді тыңдау барысында қоғам немесе азаматтық қоғам ұйымдарының мүшелеріне сөйлеуге мүмкіндік беру.

Қазақстанның республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті қоғамның бюджет процесіне қатысуын жақсарту үшін мынадай іс-әрекеттерге бірінші кезекте назар аударуға тиіс:

Ресми тетіктерді құру, олардың көмегімен қоғам өзінің аудит бағдарламасын әзірлеуге көмек көрсете алады және тиісті аудиторлық тексерулер жүргізуге ықпал ете алады.
61 /100

БАШ-да, сондай-ақ бюджет процесіндегі заңнамалық және жоғары бақылау органдарының (ЖБО) рөлі, сондай-ақ олардың тиімді қадағалауды қаншалықты қамтамасыз етуге қабілетті екені қарастырылады. Әрбір ел тең 18 көрсеткіштердің негізінде, 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша бағаланады. Сонымен қатар, зерттеу аясында Тәуелсіз фискалдық институттар туралы қосымша ақпарат жиналады (төмендегі кірістіруді қараңыз).

Қазақстандағы заңнамалық және жоғары бақылау органы, бюджет процесі барысында тиісті бақылауды жүзеге асырады, бұл ретте қадағалаудың жиынтық көрсеткіші 61 (100-ден) құрайды. Олар бойынша жекелеген бағалар төменде келтірілген:

Заң шығарушы орган тарапынан қадағалау

0
69
100
жеткілікті

Аудиторлық тексеру

0
44
100
шектеулі
Key
0-40: Few
41-60: Limited
61-100: Adequate

Ұсынымдар

Қазақстан Парламентінің жоспарлау кезеңінде және оны орындау барысында бюджетті бақылау үшін жеткілікті өкілеттігі бар. Қадағалауды одан әрі жақсарту үшін, ол мынадай шараларға бірінші кезекте назар аударуы тиіс:

Заң шығарушы орган Атқарушы биліктің бюджеттік ұсынысын қарауға енгізгенге дейін бюджет саясатын талқылауы және алдағы бюджет бойынша ұсыныстарды бекітуі тиіс.
Заң шығарушы комитет бір жыл ішінде бюджеттің орындалу барысын зерттеп, олардың қорытындыларымен баяндамаларды интернетте жариялауы тиіс.
Іс жүзінде кірістердің тапшылығына байланысты атқарушы билік шығыстарды қысқарттуға қажет болған жағдайда, заң шығарушы органның кеңестер өткізуін қамтамасыз ету.

Есеп комитетіне тәуелсіздікті нығайту және бақылауды жақсарту үшін Қазақстанға мынадай шаралар қабылдау ұсынылады:

Жоғары бақылау органының басшысын тағайындауды және қызметтен ауысуды заңнамалық немесе соттық келісімді талап ету.
Аудит процестерін тәуелсіз агенттікпен тексеруін қамтамасыз ету.

Тәуелсіз фискалдық мекемелерді құрудың қалыптасқан практикасы

Қазақстанда тәуелсіз фискалдық мекемесі жоқ (ТФМ). ТФМ бюджеттік процесс барысында атқарушы билік және/немесе Парламент үшін бағалы, тәуелсіз және бейтарап ақпарат көзі ретінде жиі танылады.

*Бұл көрсеткіштер бюджет ашықтығы шолуында *бағаланбады*

Әдістеме

• 2021 жылғы БАШ тек 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін орын алған құжаттар, іс-шаралар немесе оқиғалар бағаланды.


• Зерттеу әрбір елде бюджет бойынша тәуелсіз сарапшы толтыратын сауалнамаға негізделген:


Janar Jandosova; Fatima Jandossova
«Sange» Зерттеу орталығы
Almaty, 27 Mamyr-1, office 19, Kazakhstan
[email protected]; [email protected]


• Зерттеудің сапасы мен шынайылығын арттыру мақсатында әрбір елдің сауалнама жобасын жасырын тәуелсіз сарапшы, ал Қазақстанда – ҚР Қаржы Министрлігінің өкілі қарайды.

Past reports
Years
Language
Ел туралы түйіндеме EN
PDF, en
Сауалнама EN
PDF, en
Ел туралы түйіндеме RU
PDF, ru
Ел туралы түйіндеме KK
PDF, kk
Ел туралы түйіндеме EN
PDF, EN
Сауалнама EN
PDF, EN
Ел туралы түйіндеме RU
PDF, RU
Сауалнама EN
PDF, EN
Ел туралы түйіндеме EN
PDF, EN
Ел туралы түйіндеме RU
PDF, RU
Ел туралы түйіндеме RU
PDF, RU
Ел туралы түйіндеме EN
PDF, EN
Сауалнама EN
PDF, EN
Ел туралы түйіндеме RU
PDF, RU
Сауалнама EN
PDF, EN
Ел туралы түйіндеме EN
PDF, EN
Ел туралы түйіндеме RU
PDF, RU
Сауалнама EN
PDF, EN
Ел туралы түйіндеме EN
PDF, EN
Ел туралы түйіндеме EN
PDF, EN
Ел туралы түйіндеме EN
PDF, EN
Сауалнама EN
PDF, EN